Ақпарат - «№2 А.Бөкеиханов атындағы жалпы орта мектеп» КММ https://2.shymkent-mektebi.kz/ ru Ақпарат - «№2 А.Бөкеиханов атындағы жалпы орта мектеп» КММ DataLife Engine Директорға хат https://2.shymkent-mektebi.kz/main/581-direktora-hat.html https://2.shymkent-mektebi.kz/main/581-direktora-hat.html «Директорға хат» айдарына келіп түскен орыс сыныбы бүлдіршіндерінің жазбалары]]> Қайырлы күн, қымбатты әлеужелі қолданушылар! 
    Алғашқы аяздарыңызбен Сіздерді! 
    Иә, желтоқсан өзінің қаһарына мінді... Бұның да хайырлысы. Ең бастысы, еліміз аман, жұртымыз жаурамасыншы...  Шәкірттерімізді онлайнға жіберіп қойып, «Директорға хат» айдарына келіп түскен орыс сыныбы бүлдіршіндерінің жазбаларын парақтаааап отырмын. Балапандардың басты армандары — жарқыраған, заманауи үлгідегі жаңа ғимаратта білім алу. Бұдан өзге  тілек-ұсыныстары да жоқ емес. Мәселен, мектеп ауласында ойын алаңшаларының болуы, мектеп асханасында тегін балмұздақтардың таратылуы, ☺️ бассейн, батут, жатын бөлмелері, сырғанақ төбешіктер (горка), жалпы, бұның барлығы қарапайым ғана дүниелер. Заманауи мектеп қалай болуы керек деген сауалға балалар көзімен қарасақ, қисынды жауаптар секілді. Сіздерге қалай? Байқап көріңіздер... 
#мінсіз_мектеп
#заманауи_мектеп_бала_көзімен
]]>
admin2 Wed, 13 Dec 2023 11:03:41 +0600
БІЗДЕ ҚОНАҚТА! https://2.shymkent-mektebi.kz/main/577-bzde-onata.html https://2.shymkent-mektebi.kz/main/577-bzde-onata.html БІЗДЕ ҚОНАҚТА!
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты А.Бөкейханов атындағы №2 жалпы орта білім беретін мектебінде    "Ақын - елдің ардағы" атты тақырыпта жергілікті ақын Д.Айманбетовпен көркем әдебиетті сүйіп оқитын  оқушылардың белсенді атсалысуымен кездесу  ұйымдастырылды. 
Мақсаты: Өлкеміздегі халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүрген
қаламгерлеріміздің өрнегі мол жырларын оқуға насихаттау, олардың өнегелі өмір жолдарын өскелең ұрпаққа өнеге тұтып, жастардың кітап оқуға құлшынысын
арттыру, еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Ақынның өмірі және шығармашылығымен таныстыру. Ақынмен кездесу барысында  оқушылар автордың  өлеңдерін орындады. Ақынмен сұхбаттасып, өз ой-пікірлерін айтты.
]]>
admin2 Tue, 12 Dec 2023 16:06:52 +0600
2023 жылдың 11-15 желтоқсан аралығында "Ұлы тарих-кемел келешекке жетелейді атты тақырыбында өтілетін апталықтың ашылуы өткізілді https://2.shymkent-mektebi.kz/main/576-2023-zhyldy-11-15-zheltosan-aralyynda-ly-tarih-kemel-keleshekke-zhetelejd-atty-tayrybynda-tletn-aptalyty-ashyluy-tkzld.html https://2.shymkent-mektebi.kz/main/576-2023-zhyldy-11-15-zheltosan-aralyynda-ly-tarih-kemel-keleshekke-zhetelejd-atty-tayrybynda-tletn-aptalyty-ashyluy-tkzld.html А. Бөкейханов атындағы №2 жалпы орта білім беретін мектебінің тарих, география бірлестігінің 2023 жылдың 11-15 желтоқсан аралығында "Ұлы тарих-кемел келешекке жетелейді атты тақырыбында өтілетін апталықтың ашылуы өткізілді. 
Мақсаты: жаңа білімдерін тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру, және ойлау қабілеттерін жаңа технология элементтерін қолдана отырып, оқушылардың тарих, география пәндері бойынша қабілеттерін дамыту, жаңартылған бағдарламаны нәтижелі түрде жүзеге асыру.
]]>
admin2 Mon, 11 Dec 2023 16:05:11 +0600
ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ МЕН САНА - ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ НЕГІЗІ https://2.shymkent-mektebi.kz/main/579-yty-trbie-men-sana-yty-memlekett-negz.html https://2.shymkent-mektebi.kz/main/579-yty-trbie-men-sana-yty-memlekett-negz.html ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ МЕН САНА - ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ НЕГІЗІ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты А.Бөкейханов атындағы №2 жалпы орта білім беретін мектебінде 28-қараша күні 9-10 сынып оқушылары арасында  құқық бұзушылықтардың алдын алу және "Құқықтық тәртіп іс-шарасы" бойынша Шымкент қаласы полиция департаментінің қызметкері Мырзабаев Бағлан Сайлаубекұлының қатысуымен «Есірткі және құқықбұзушылық» тақырыбында профилактикалық түсіндірме жұмыстары  жүргізілді. 
Мектеп директорының уақытша міндетін атқарушы Каракулова Жанар Махамбетова мектепішілік тәртіп ережелерімен жоғары сынып оқушыларын таныстырып, оларды әрқашан тәртіпке негізделетін қоғамда заң мен тәртіпке құрметпен қарап, бойымыздағы құқықтық сана мен жігерді шыңдауымыз керек екендігін айтты. «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды» деген халқымыздың даңқты батыры Б.Момышұлының сөзімен пысықтады. 
Күн тәртібінде  бүгінгі таңда болып жатқан  өзекті мәселелердің бірқатары талқыланды.
 Жиналыс барысында зорлық-зомбылықтың алдын алу, құқықбұзушылықты болдырмау және қылмыс жасағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауаптылығы жөнінде, кәмелетке толмағандардың есірткі заттарын қолдануы, таратылуы және зияны туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
#Шымкент_қаласы_Білім_басқармасы 
#Шымкент_әдістемелік_орталығы 
#Біртұтас_тәрбие
#Зорлық_зомбылықсыз_балалық_шақ
#Құқықтық_тәртіп
#Мінсіз_мектеп 
#N2ЖОББМ
]]>
admin2 Wed, 29 Nov 2023 16:14:10 +0600
Қалалық Білім басқармасының ұйымдастыруымен ЗУМ арқылы жиналыс https://2.shymkent-mektebi.kz/main/575-alaly-blm-basarmasyny-jymdastyruymen-zum-aryly-zhinalys.html https://2.shymkent-mektebi.kz/main/575-alaly-blm-basarmasyny-jymdastyruymen-zum-aryly-zhinalys.html     Бүгін 27 қыркүйек күні сағат 17:00-де А.Бөкейханов атындағы N2 жалпы орта білім беретін мектебінің ұжымы Қалалық Білім басқармасының ұйымдастыруымен ЗУМ арқылы бір көзден жиынға қатысты.
Күн тәртібінде: 
1. Шымкент қаласы полиция департаментінің  құқықтық түсіндірмесі
2. СЭС талаптары (балалар арасындағы жұқпалы аурулар) туралы. 
3. СЭС білім ұйымдарына қойылатын талаптар.
4. Ұлттық қауіпсіздік комитеті. 
5. Төтенше жағдайлардың алдын алу тақырыптары қаралды.
]]>
admin2 Wed, 27 Sep 2023 15:56:30 +0600
1 қыркүйек "Білім күні" https://2.shymkent-mektebi.kz/main/574-1-yrkjek-blm-kn.html https://2.shymkent-mektebi.kz/main/574-1-yrkjek-blm-kn.html #Шымкент_қаласы_Білім_басқармасы 
#Шымкент_тәрбие_әдістемелік_орталығы 
#Қосымша_білім_беру_орталығы 
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты А.Бөкейханов атындағы N2 жалпы орта білім беретін мектебінде  1 қыркүйек "Білім күніне арналған 
" Мектебім-мейірім мекені" атты салтанатты іс-шара өткізілді. Салтанатты жиынға ұстаздар қауымы мен бірге аудандық білім бөлімінің жауапты қызметкері, мектептік қамқоршылық  кеңесі мүшелері, оның ішінде бірінші сынып оқушыларының ата- аналары қатысты.
Салтанатты жиыннан соң барлық  сыныптарда бірыңғай  сынып сағаттары өтілді.
]]>
admin2 Fri, 01 Sep 2023 15:54:13 +0600
ШЫМҚАЛАМЫЗДА МЕКТЕП ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТЕДІ https://2.shymkent-mektebi.kz/main/569-shymalamyzda-mektep-zhrmekes-ted.html https://2.shymkent-mektebi.kz/main/569-shymalamyzda-mektep-zhrmekes-ted.html ШЫМҚАЛАМЫЗДА МЕКТЕП ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТЕДІ
🔷 Шымкент қаласының білім басқармасы  мен кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық  даму басқармасының    ұйымдастыруымен *«Мектепке жол» акциясы* өтеді. 
🔷 Акция аясында *12 және 19 тамыз* күндері ауқымды *мектеп жәрмеңкесі ұйымдастырылады*. Жәрмеңкеде мектепке керек-жарақтар - мектеп формасы, аяқ киім, спорттық киім және сөмкелер, дәптерлер мен қаламсап, тағы да басқа қажетті заттар қолжетімді бағада ұсынылады. «Мектепке жол» акциясы аясындағы жәрмеңкеге 13 отандық өнім шығаратын кәсіпорын қатысады. 
🔷 *Жәрмеңкенің өтетін орны мен уақыты:* Қ.Мұңайтпасов атындағы спорт кешені,   сағат 09:00-15:00 аралығында.
Жанат Тажиева
]]>
admin2 Fri, 11 Aug 2023 15:21:39 +0600
Үздік оқырман" сайысы https://2.shymkent-mektebi.kz/main/572-zdk-oyrman-sajysy.html https://2.shymkent-mektebi.kz/main/572-zdk-oyrman-sajysy.html #Шымкент_қаласы_Білім_басқармасы 
#Шымкент_әдістемелік_орталық 
#Тәрбиеқұндылықбөлімі 
#Қосымша_білім_беру_орталығы 
#Мінсіз_мектеп
#Мейірімді_мектеп 
#Мейірімді_ұстаз 
#Мейірімді_оқушы
А.Бөкейханов атындағы N2 жалпы орта білім беретін мектебі "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында, 5-8 сыныптар арасында, "Үздік оқырман" сайысы ұйымдастырылды. Қатысушылар, викториналық сұрақтарға жауап беруден, Абай,Шәкәрім,Мағжан  т/б. ақындардың өлеңдерін мәнерлеп оқудан, үйге берілген тапсырма, "Менің сүйікті кітабым" тақырыбында шығарма жазудан сайысқа түсті.
 Сайыс қортындысы бойынша:
1) 6в сынып оқушысы Жұлдызбек Асылай " Ең үздік оқырман";
2)5а сынып оқушысы Дүйсенбек Әсем "Білімді оқырман";
3)6в сынып оқушысы Төрехан Назгүл "Белсенді оқырман";
4) 5а сынып оқушысы Айтжанова Мариям "Өнерлі оқырман" атанып,
 марапатталды.
]]>
admin2 Mon, 22 May 2023 15:44:34 +0600
АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА! https://2.shymkent-mektebi.kz/main/568-ata-analar-nazaryna.html https://2.shymkent-mektebi.kz/main/568-ata-analar-nazaryna.html АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!
      Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты А.Бөкейханов атындағы №2 жалпы орта білім беретін мектебінің әкімшілігі 2022-2023 оқу жылындағы соңғы қоңырау, қорытынды аттестаттау, ҰБТ тапсыруда мына жағдайларды ескертеді  
      1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру мақсатында қатаң тыйым салынады; мектеп қажеттіліктеріне, 4,9,11 сыныпты аяқтауына, мектептің жөндеу жұмыстарына ақша жинауға қатаң тыйым салынады;
       2. Барлық қатысушыларға «Соңғы қоңырау» іс-шарасын өткізу тәртібі және қауіпсіздік талаптарын сақтау туралы нұсқаулық беру, ата-анасының немесе заңды өкілінің тек біреуінің қатысуы, кешенді қауіпсіздік шаралары қамтамасыз етілетінін ескертеді.
       3. Педагогикалық этика және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында мектеп әкімшілігіне және педагогтарға кез-келген түрдегі сыйлықтар алуға (педагогтар соңғы қоңырау іс-шарасы барысында ата-аналар тарапынан түрлі сыйлықтар алуға, ата-аналар комитеті тарапынан қаржылай ақша жинауға) қатаң тыйым салынатындығын
       4. Оқушылардың автокөлік шеруіне шықпауына, ойын алаңдарына (Фиркан сити, Шымкент плаза, Мега  планет  және т.б) бармауына, кафе,тойхана, саябақтарға, қала сыртындағы саяжайларға баруына қатаң тыйым салынатындығын 
     5.Қорытынды аттестаттау кезінде түрлі мақсатта ата-аналардан қаражат жинауға, мерекелік дастархан ұйымдастыруға, гүл сыйлауға, қатаң түрде тыйым салынатындығын 
      6. Бітіріп кеткен, яғни мектеп қабырғасында оқымайтын түлектердің келуіне тыйым салынатындығын ескертеді.
       Құрметті ата-аналар! Жоғарыда айтылған талаптардың орындалуын қадағалауды ескертеміз.
      Құрметпен А.Бөкейханов атындағы №2 жалпы орта білім беретін мектеп директоры Ибраева Радагуль Махмудхановна
#bilim_jane_gylym
#КОПД
#Шымкент__қаласы_білім_басқармасы
#шымкент_сыбайлас_жемқорлық
#shymkenttarbye
]]>
admin2 Tue, 25 Apr 2023 15:14:37 +0600
Қош келдің әз-Наурыз https://2.shymkent-mektebi.kz/main/567-osh-keld-z-nauryz.html https://2.shymkent-mektebi.kz/main/567-osh-keld-z-nauryz.html Қош келдің әз-Наурыз 
Түркістан облысы Қазығұрт ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің 10. 03. 2023 жылғы №229-16/01-01/745 шығыс хатына сәйкес  Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мерекесіне арналған аудан аумағындағы  білім беру мекемелерінде өткізілетін  "Қол келдің  әз-Наурыз" он күндік мерекелік іс-шара аясында 2023 жылдың наурыз айының 20-шы жұлдызында "Қош келдің - әз Наруыз" тақырыбында мерекелік іс - шара өткізілді. Іс - шара барысында қыз ұзату, беташар, бесік салу және тұсаукесер қазақтың салт - дәстүрлері насихатталды.
]]>
admin2 Tue, 21 Mar 2023 12:34:53 +0600