Попечительский советі
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты А.Бөкейханов атындағы №2 жалпы орта білім беретін мектебі
Попечительский советі отырысының
ХАТТАМАСЫ
Өткізілген күні: 23.11.2021
Қатысқандар: қамқоршылық кеңесінің мүшелері және 6 адам
ДТІЖО: С.К.Калтаева
Хатшы: Г.Н.Смадиярова
Күн тәртібі:
1. I-тоқсан бойынша оқу-тәрбие жұмыстарының қорытындысы.
2. Тәртібі қиын оқушылармен жұмыс.
3. Мектеп оқушыларының тамақтануын қадағалау.
4. Мектептің МТБ-сын нығайту бойынша атқарылған жұмыстар.
Тыңдалды:
1. Директор школы Р.М.Ибраева күн тәртібіндегі мәселелерге тоқталып, 1-тоқсан бойынша үлгерім және білім сапасы, тәрбие жұмыстары жөнінде айтып өтті.
2. Мектептің техникалық базасы, мектеп ауласын асфальттау жұмыстары, турникет, камералар және дабылқаққыш орнатылуы, ыстық тамақпен қамтылған оқушылардың тамақтарының сапасын, асхананың санитарлық талапқа сай келуін бақылау мақсатында комиссия құрылғаны қаралды.
3. Попечительский советі мүшелерімен бірлесе отырып, қамқоршылық кеңесінің төрайымы Шымкент қаласы маслихатының депутаты Шакимергенқызы Нұрайымды сайлады.
Попечительский советтің шешімі:
Көмекке мұқтаж оқушыларды анықтап, оларға демеушілік етіп, көмек көрсету ұсынылды.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығының «30 қайырымды істің алғашқы» қадамы аясында, әлеуметтік көмек қажет ететін, жағдайы төмен оқушыларға демеушілер тарапынан көмек ұйымдастырылсын.
Қаулы:
1. 1-тоқсан бойынша оқу-тәрбие жұмыстарының қорытындысы қанағаттанарлық деп табылсын.
2. Тәртібі қиын оқушылармен жұмысын жүйелі жүргізу ДТІЖО: С.Калтаева, Э.Халықоваға жүктелсін.
3. Мектеп оқушыларының тамақтануын қадағалау бойынша арнайы зерделеу комиссиясы құрылып, апта сайын зерделеу жүргізілсін.
4. Мектептің МТБ-сын нығайту бойынша атқарылған жұмыстар қанағаттанарлық деп табылсын.
Кеңес төрағасы: Шакимергенқызы Н
Сырымбекұлы М
Орын Т
К.Калдарбеков
Садбаева А
Жұлдызбаева Ә