Қамқоршылық кеңес » «№2 А.Бөкеиханов атындағы жалпы орта мектеп» КММ
Шымкент қаласының білім басқармасының
«Алихан Бөкейханов атындағы №2 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Приемная :
+7(727) 57-30-39
Учительская:
+7(727) 57-30-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
30
март
2021

Қамқоршылық кеңес

Шымкент қаласының  білім басқармасының   № 2 «А.Бөкейханов» жалпы орта білім беретін  мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

                                         «Қамқоршылық кенесінің»

                                                № 4 хаттамасы

Өткізілген күні:  30.03.2021 ж

Қатысқандар: қамқоршылық кеңесінің төрағасы және мүшелері -6 адам

ДОІЖО  А.Т.Туреханова                                                                                                                                      Д.Е.Кайырбекова

 Хатшы Құдайберген Ұ.Ж



КҮН ТӘРТІБІ:

  1. «Міндетті білім қорынан» бөлінген қаржығы оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету. 


ТЫҢДАЛДЫ: Бірінші мәселе бойынша директордың орынбасары  З.Б.Умирбекова сөз алды ҚР Үкіметінің 12.03.2012ж, №320 қаулы негізінде «Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларының» 3-тармақ, 2-тармақшасының талаптарына сәйкес және ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №158 бұйырығына     10-қосымша «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын негізге ала отырып, ата-аналардан құжаттарды Шымкент қалалық білім басқармасынан 2021 жылы 27 қаңтарда   келген хатты орындау барысында 2021 жылдың қаңтар-мамыр айларында оқушылардың ыстық тамақпен қамтамасыз ету жұмысы ұйымдастыру үшін ата аналардан өтініштер қабылданғаны туралы айтып өтті.

       Әлеуметтік  педагог   Құдайберген Ұ.Ж   мемлекеттік қызмет стандарты бойынша 223 оқушының   ата -  анасынан құжаттар қабылданғаны туралы айтты және қабылданған құжаттарды қамқоршылық кеңес мүшелеріне ұсынды.

            ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №158 бұйырығына      10-қосымша «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» туралы бұйрығына сәйкес бес мәртедебеге ие отбасылардан құжаттар қабылданғандығы туралы Қамқоршылық кеңесінің төрағасы  Ұ.Исмагулова

атап  айтты.   

      Мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі: 

- мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар үшін - көрсетілетін қызметті алушының (отбасының) жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тұтынушылар қатарына жататынын растайтын анықтаманың болуын;
 - жан басына шаққанда орташа табысы күн көріс деңгейінен төмен, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан балалар үшін - алған табысы туралы құжаттар (жұмыс істейтін ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың жалақылары туралы, кәсіпкерліктен және басқа да қызмет түрлерлерінен түсетін табыстары туралы, балаларға және басқа да асырауындағыларға төленетін алимент түріндегі табыстары туралы анықтама);
 - отбасында тәрбиеленетін жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін - жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыда тәрбиеленетін балалар үшін қорғаншылықты (қамқоршылықты), патронаттық тәрбиелеуді бекіту туралы уәкілетті органның шешімі;
 - төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл көмекті талап ететін отбасылардан шыққан балалар;

 - білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына жататын балалар үшін - отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеру негізінде алқалы орган айқындайды.

Шымкент қалалық білім басқармасының 30.03.2021ж. күнгі №10-06-03/2379 хатын негізге ала отырып, тұрмыс жағдайы төмен отбасыдан шыққан оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету мақсатында  ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 16.08.1917ж, №611 бұйрығымен бекітілген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиялық талаптар» санитариялық қағидаларды қатаң сақталып білім беру оъектілеріндегі қоғамдық тамақтану жұмыстарына рұқсат берілгенін ескере отырып, мектеп асханасының жұмысы ұйымдастыру қажеттілігі туралы және 01.04.-25.05.2021жж. аралығында 223  оқушыға күндігіне 458,98 (төрт жүз елу сегіз теңге, тоқсан сегіз тиыннан) ыстық тамақпен қамту жұмысын ұйымдастыру керектігі туралы хаттармен ДОІЖО А.Т.Туреханова, Д.Е.Кайырбекова таныстырды. Сонымен қатар, өтініш тапсырған  ата-аналардың   оқушыларының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар үшін - көрсетілетін қызметті алушының (отбасының) жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тұтынушылар қатарына жататынын растайтын анықтаманың болуын туралы тапсырылған құжаттарын ұсынды.

    Жарыс сөзге шыққан басқа да кеңес мүшелері жоғарыда құжаттары көрсетілген оқушыларды бір ауыздан ыстық тамақ ішуге ұсынды. Сонымен қатар, құжат тапсырылған уақыттан бері басқа мектепке кеткен оқушылардың орнына арнайы санатқа жататын оқушылардың ата-аналардан құжаттар қабылданып, олардың орнын ауыстыру керектігі де ескерілд. 

Қамқоршылық  кеңестің   шешімі:      

1.«Міндетті білім» қорынан бөлінген қосымша  қаржы шығысынан Шымкент қалалық білім бөлімінің 2021 жылдың наурызындағы тәртіптемесіне сәйкес  тұрмысы төмен отбасынан шыққан  оқушылар бір мезгіл  ыстық тамақпен  01.04.-25.05.2021жж. аралығында қамтылсын.  Әлеуметтік педагог Ұ.Ж.Құдайбергенге  оқушылардың құжаттарын жинақтап, тізімін жасасын.

2. Ыстық  тамақпен   қамтамасыз етілген оқушылардың   кесте бойынша тамақтансын және сабаққа келіп-кетуі  мен талон алуы сынып жетекшілеріне жүктелсін.


Кеңес  төрағасы:                    Ұ.Исмагулова                                                                                                                        

          Мүшелері:                          Умирбеков К.А

                                                      Есмаханбет Р.Р.

                                                      Байбориев Б.Ү

                                                      Раманкулов А.И

                                                     Алпысбай Қ.К

                                                           Жұлдызбаева Ә.

Хатшы:                                             Құдйберген Ұ.Ж


Похожие публикации:

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив