АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА! » «№2 А.Бөкеиханов атындағы жалпы орта мектеп» КММ
Шымкент қаласының білім басқармасының
«Алихан Бөкейханов атындағы №2 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Приемная :
+7(727) 57-30-39
Учительская:
+7(727) 57-30-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
апрель
2023

АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!

АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!
      Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты А.Бөкейханов атындағы №2 жалпы орта білім беретін мектебінің әкімшілігі 2022-2023 оқу жылындағы соңғы қоңырау, қорытынды аттестаттау, ҰБТ тапсыруда мына жағдайларды ескертеді  
      1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру мақсатында қатаң тыйым салынады; мектеп қажеттіліктеріне, 4,9,11 сыныпты аяқтауына, мектептің жөндеу жұмыстарына ақша жинауға қатаң тыйым салынады;
       2. Барлық қатысушыларға «Соңғы қоңырау» іс-шарасын өткізу тәртібі және қауіпсіздік талаптарын сақтау туралы нұсқаулық беру, ата-анасының немесе заңды өкілінің тек біреуінің қатысуы, кешенді қауіпсіздік шаралары қамтамасыз етілетінін ескертеді.
       3. Педагогикалық этика және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында мектеп әкімшілігіне және педагогтарға кез-келген түрдегі сыйлықтар алуға (педагогтар соңғы қоңырау іс-шарасы барысында ата-аналар тарапынан түрлі сыйлықтар алуға, ата-аналар комитеті тарапынан қаржылай ақша жинауға) қатаң тыйым салынатындығын
       4. Оқушылардың автокөлік шеруіне шықпауына, ойын алаңдарына (Фиркан сити, Шымкент плаза, Мега  планет  және т.б) бармауына, кафе,тойхана, саябақтарға, қала сыртындағы саяжайларға баруына қатаң тыйым салынатындығын 
     5.Қорытынды аттестаттау кезінде түрлі мақсатта ата-аналардан қаражат жинауға, мерекелік дастархан ұйымдастыруға, гүл сыйлауға, қатаң түрде тыйым салынатындығын 
      6. Бітіріп кеткен, яғни мектеп қабырғасында оқымайтын түлектердің келуіне тыйым салынатындығын ескертеді.
       Құрметті ата-аналар! Жоғарыда айтылған талаптардың орындалуын қадағалауды ескертеміз.
      Құрметпен А.Бөкейханов атындағы №2 жалпы орта білім беретін мектеп директоры Ибраева Радагуль Махмудхановна
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив