ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ МЕН САНА - ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ НЕГІЗІ » «№2 А.Бөкеиханов атындағы жалпы орта мектеп» КММ
Шымкент қаласының білім басқармасының
«Алихан Бөкейханов атындағы №2 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Приемная :
+7(727) 57-30-39
Учительская:
+7(727) 57-30-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ МЕН САНА - ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ НЕГІЗІ
29
ноябрь
2023

ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ МЕН САНА - ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ НЕГІЗІ

ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ МЕН САНА - ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ НЕГІЗІ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты А.Бөкейханов атындағы №2 жалпы орта білім беретін мектебінде 28-қараша күні 9-10 сынып оқушылары арасында  құқық бұзушылықтардың алдын алу және "Құқықтық тәртіп іс-шарасы" бойынша Шымкент қаласы полиция департаментінің қызметкері Мырзабаев Бағлан Сайлаубекұлының қатысуымен «Есірткі және құқықбұзушылық» тақырыбында профилактикалық түсіндірме жұмыстары  жүргізілді. 
Мектеп директорының уақытша міндетін атқарушы Каракулова Жанар Махамбетова мектепішілік тәртіп ережелерімен жоғары сынып оқушыларын таныстырып, оларды әрқашан тәртіпке негізделетін қоғамда заң мен тәртіпке құрметпен қарап, бойымыздағы құқықтық сана мен жігерді шыңдауымыз керек екендігін айтты. «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды» деген халқымыздың даңқты батыры Б.Момышұлының сөзімен пысықтады. 
Күн тәртібінде  бүгінгі таңда болып жатқан  өзекті мәселелердің бірқатары талқыланды.
 Жиналыс барысында зорлық-зомбылықтың алдын алу, құқықбұзушылықты болдырмау және қылмыс жасағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауаптылығы жөнінде, кәмелетке толмағандардың есірткі заттарын қолдануы, таратылуы және зияны туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив