12
май
2022
Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты А.Бөкейханов атындағы №2 жалпы орта білім беретін мектебінде 2022 жылы соңғы қоңыраудың өткізілу тәртібі
Құрметті АТА-АНАЛАР!
Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты А.Бөкейханов атындағы №2 жалпы орта білім беретін мектебінде 2022 жылы соңғы қоңыраудың өткізілу тәртібі бойынша, Мамыр айында болатын мерекелер қарсаңында ата-ана және оқушы тарапынан ақша жинауға, қымбат көліктерде серуендеуге, табиғатқа саяхатқа шығуға қатаң тыйым салынатындығын ескертемін!
Қазіргі таңдағы өзекті мәселенің бірі - сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау мақсатында:
- мектепке бітіруші түлек ретінде сыйлық бермеу,
- мектеп әкімшілігіне, сынып жетекшілерге, пән мұғалімдеріне қымбат әшекейлер мен сыйлықтар беруге тыйым салу,
- бірыңғай мектеп формасын кию,
- соңғы қоңырауда көлікте серуендеу,
- кафеде отырыс жасау, тауға саяхат жасау сияқты ақша жиналатын және құқықбұзушылық орын алатын фактілерді болдырмау керек.
Емтихан кезінде ақша жинамау, дастархан жасамау керектігін ескертемін!
Сіздің кез-келген сұрағыңызға жауап беруге әркез дайынмын.
Құрметпен, А.Бөкейханов атындағы №2 жалпы орта білім беретін мектеп директоры Ибраева Радагуль Махмұдханқызы