Қамақоршылық кеңес
А.Бөкейханов атындағы №2 жалпы орта білім беретін мектебінің Қамқоршылық кеңес отырысының
ХАТТАМА
Қатысқандар:
1. Мектеп директоры: Р.М.Ибраева
2.ДТІЖО: С.К. Калтаева
3.Н.Шакимергенқызы - кеңес төрайымы
4.Г.Н.Смадиярова–хатшысы.
Кеңес мүшелері:
5.Ә.Жұлдызбаева
6.К.Калдарбеков
7.Т. Орын
8.М.Мекенбай
Өткізілген күні: 29.12.2021
КҮН ТӘРТІБІНДЕ:
1. Мектеп директорының I-жарты жылдық есебі / Р.М.Ибраева
2. Оқу-тәрбие ісі жөніндегі жұмыстардың есебі / С.Күмісханқызы
3. Аз қамтылған отбасыдан шыққан оқушыларға жаңа-жылдық сыйлық табыстау жайлы / Н.Шакимергенқызы, Ұ.Исмагулова.
ТЫҢДАЛДЫ:
Мектеп директоры Р.М.Ибраева сөз алып, мектептің I-жарты жылдық есебін баяндады.
ДТІЖО С. Күмісханқызы тәрбие-ісі жөніндегі жұмыстар есебін баяндады.
Қамқоршылық кеңес төрағасы Н.Шакимергенқызы сөз алып, Шымкент қаласының білім басқармасының 2021 жылғы №29-04-05/3750 санды хатына сәйкес, жыл сайын өткізілетін Шымкент қаласы Еңбекші ауданы шыршасына 1-4 сынып аралығындағы жартылай жетім отбасынан шыққан 9 балаларды қатыстыруды ұйымдастыру туралы нұсқауымен таныстырды.
Сөз кезегінде әлеуметтік педагог Г.Смадиярова, Шымкент қаласының білім басқармасына балалар туралы мәліметпен қоса қосымша мынадай құжаттарды: баланың туу туралы куәлік, анасының немесе әкесінің қайтыс болғаны жайлы анықтамаларының көшірмелерін тапсыру керектігі жөнінде айтып өтті.
Сонымен қатар қамқоршылық кеңес төрағасы Н.Шакимергенқызы көпбалалы, аз қамтылған отбасынан шыққан оқушыларға 30 және ардагер ұстаз Ұлжан Исмагулова 35 жаңа-жылдық сыйлық дайындағандарын айтты.
Сөз кезегінде директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары С.Қалтаева, 2021-2022 оқу жылына құрылған мектептегі сыныптардың әлеуметтік төлқұжаттарын зерделей келе, жартылай жетім отбасыларынан шыққан балаларды сынып жетекшілердің отбасының әлеуметтік жағдайы туралы берген мәліметтеріне сүйене отырып және ұсынылған құжаттарды зерделей келе және қалалық білім басқармасынан берілген жаңа жылдық шыршаға қатысатын балаларға арналған нұсқау телеграмм хатына сәйкес мына төмендегі 9 оқушыны Еңбекші ауданы жаңа-жылдық шыршаға қатыстыру туралы ұсыныс айтты:
Бөкейханов атындағы №2 жалпы орта білім беретін мектеп 2021-2022 оқу
жылында Еңбекші аудан әкімінің «Жаңа жылдық шыршаға» қатысатын
оқушылар туралы мәлімет
Балалар тізімі
Р/н | Баланың аты-жөні | Туылған күні,айы,жылы | Мекен-жайы | Сыныбы | Категориясы |
1 | Қарабай Нұрислам Арайұлы | 05.08.2015 | Сайрам 1/1-39 | 1 «Б» | Жартылай жетім |
2 | Бекбай Нұрай Серікқызы | 23.10.2013 | Смирнов 28 | 3 «А» | Жартылай жетім |
3 | Ержігіт Кәусар Бауыржанқызы | 25.04.2013 | Қойгелді 29 | 3 «А» | Жартылай жетім |
4 | Серік Аделя Асқарқызы | 05.09.2013 | Ақназархан 58-10 | 3 «А» | Жартылай жетім |
5 | Шерехан Мансұр Достиярұлы | 28.06.2012 | Стадион 4-44 | 3 «Б» | Жартылай жетім |
6 | Құрманбай Әли Асанұлы | 07.08.2014 | Қойгелді батыр-69 | 2 «А» | Жартылай жетім |
7 | Абдуллин Рафаэль Русланович | 03.04.2012 | Қойгелді батыр-52 | 3 «В» | Жартылай жетім |
8 | Қарабай Бекнұр Арайұлы | 18.11.2013 | Стадионная 1/1-39 | 2 «А» | Жартылай жетім |
9 | Тұрсынбай Асем Мұратқызы | 11.12.2012 | Орынбай ақын 95 | 3 «Г» | Жартылай жетім |
Қабылданған қаулы:
1. Шымкент қаласы Еңбекші аудыны жаңа-жылдық шыршаға жоғарыдағы жартылай жетім қалған 9 оқушы қатыстырылсын. .
2. Шымкент қаласының білім басқармасына оқушының дәлелді құжаттарын тапсыру әлеуметтік педагогқа Г.Н.Смадияроваға жүктелсін.
3. Аз қамтылған отбасынан шыққан отбасыларға жаңа-жылдық сыйлықтармен қамтамасыз етілсін.
Хатшысы Г.Н.Смадиярова