“Көркем еңбек, музыка, графикалық жобалау” әдістеме бірлестігінің пән апталығының ашылу салтанаты » «№2 А.Бөкеиханов атындағы жалпы орта мектеп» КММ
Шымкент қаласының білім басқармасының
«Алихан Бөкейханов атындағы №2 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Приемная :
+7(727) 57-30-39
Учительская:
+7(727) 57-30-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Көркем еңбек, музыка, графикалық жобалау” әдістеме бірлестігінің пән апталығының ашылу салтанаты
18
апрель
2022

“Көркем еңбек, музыка, графикалық жобалау” әдістеме бірлестігінің пән апталығының ашылу салтанаты

А.Бөкейханов атындағы №2 жалпы орта білім беретін мектебінде сәуір айының 18.04.2022ж. күні “Көркем еңбек, музыка, графикалық жобалау” әдістеме бірлестігінің пән апталығының ашылу салтанаты өтті. Апталықтың тақырыбы "Балаларға өнер-білім берілсін, сұлу мінез әр өнермен өрілсін".
Мақсаты: Жаңа оқу технологияларын іздену және оны оқу үдерісіне енгізу.
Көркем еңбек, музыка, графикалық жобалау сабақтарында оқушылардың жеке шығармашылық ойларын дамыту. Әртүрлі әдістерді пайдаланып, сол арқылы оқушылардың белсенділіктерін арттыру.
Бірлестік мұғалімдері: Даурбаева Айман, Жексенбекова Раушан, Төлемісов Асхат, Жарқынбаев Азамат белсенді түрде ат салысып, іс-шараны жоғары деңгейде өтілуіне зор үлестерін қосты.
Апталықтың ашылуы 3 тілде жүргізіліп, өнерге байланысты әндер орындалып, "Ойна, домбыра” ансамблінің орындауында күмбірлеген күй тартылды.
Сонымен қатар "Жолаушы музыканттар" шағын көрінісі қойылып, бірлестік мұғалімдерінің көрермендерге арналған тапсырмалары, "Әуенді тап" ойыны, жұмбақтар жасырылып, жеңімпаз көрермендерге кәде сыйлықтар таратылды. Интерактивті тақта арқылы іс-шара барысында бірлестік мұғалімдерінің жылдық еңбектері, жетістіктері көпшіліктің назарына ұсынылды. Мәжіліс залы көркем еңбек мұғалімдерінің көрмесімен және бірлестік төс белгісі сахна төрінде тақырыпқа сай безендірілді.
  Өнерлі оқушылардан құралған дуэт, трио және іс-шара соңында мұғалімдер мен оқушылардан құралған ансамбль әнімен қорытындыланды. Соңында көрермендерге стикер таратылып, іс-шарадан алған әсерлерін тақтаға жапсырып ілу арқылы кері байланыс жүргізілді. Көрермендерге бұл іс-шара оқушылардың белсенділіктерін арттыруға үлкен әсерін тигізді. Оқушылардың бойынан өнерге деген шабыттары , қызығушылықтары, белсенділіктері байқалды.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив