14 ақпан күні ағылшын тілі пәні апталығының ашылуы салтанатты түрде өтті » «№2 А.Бөкеиханов атындағы жалпы орта мектеп» КММ
Шымкент қаласының білім басқармасының
«Алихан Бөкейханов атындағы №2 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Приемная :
+7(727) 57-30-39
Учительская:
+7(727) 57-30-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 14 ақпан күні ағылшын тілі пәні апталығының ашылуы салтанатты түрде өтті
14
январь
2023

14 ақпан күні ағылшын тілі пәні апталығының ашылуы салтанатты түрде өтті

А.Бөкейханов атындағы № 2 жалпы орта білім беретін мектебінде  2022 жылдың 14 ақпан күні ағылшын тілі пәні апталығының   ашылуы  салтанатты түрде өтті. Ағылшын тілі пәні апталығының тақырыбы : « Learn to know the people whose language you are learning ».
  Мақсаты: оқушылардың ой-өрісін, белсенділігін , ағылшын тілін меңгеруге деген талпынысын, ынтасын қызығушылығын арттыру және оқушылардың шығармашылық  пен өз бетінше ізденушілік қабілетін дамыту. Апталықтың ашылуында  2 сынып оқушылары  «АВС» әнін орындаса, 4-9 сынып оқушылары ағылшын тілінде тақпақтарды жатқа айтты. 6- сыныптың биші қыздары hip-hop , ал ұлдар break dance стилінде би билеп , көрермендерді сүйсіндірді. 11 сынып оқушылары ағылшын тілінде ән айтып , тыңдармандардың алғысына бөленді. Ағылшын тілі әдістеме бірлестік жетекшісі Кельжанова Зина Мирхановнаның жетекшілік етуімен 9-10 сынып оқушылары  ұлы ағылшын жазушысы, драматургі Уилльям  Шекспирдің «Ромео мен Джулетта» трагедиясынан сахналық көрініс қойды.Оқушылар керемет дайындалған, спектакль сәтті шықты.Апталықтың ашылуында мектебіміздің директоры Радагуль Махмудхановна Ибраева сөз сөйлеп, оқушыларға алғысын білдірді.Мектебімізде дарынды , талантты оқушылардың көп екендігіне тоқталды.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив