Қамқоршылық кеңесі
А.Бөкейханов атындағы №2 жалпы орта білім беретін мектебінің кезектен тыс Қамқоршылық кеңес отырысының
ХАТТАМАСЫ
Қатысқандар:
1. Мектеп директоры: Р.М.Ибраева
2.ДТІЖО: С.К. Калтаева
3.Н.Шакимергенқызы - кеңес төрайымы
4.Г.Н.Смадиярова–хатшысы.
Кеңес мүшелері:
5.Ә.Жұлдызбаева
6.К.Калдарбеков
7.Т. Орын
8.М.Мекенбай
Өткізілген күні: 09.12.2021
КҮН ТӘРТІБІНДЕ:
1. Президент шыршасына қатысатын оқушыны зерделеу
ТЫҢДАЛДЫ:
Қамқоршылық кеңес төрағасы Н.Шакимергенқызы сөз алып, Шымкент қаласының білім басқармасының жыл сайын өткізілетін Президент шыршасына 1-7 сынып аралығындағы әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан және жетістіктері бар 1 оқушыны қатыстыруды ұйымдастыру туралы нұсқауымен таныстырды.
Сөз кезегінде әлеуметтік педагог Г.Смадиярова, Шымкент қаласының білім басқармасына балалар туралы мәліметпен қоса қосымша мынадай құжаттарды: баланың туу туралы куәлік, анасының немесе әкесінің жеке куәлік көшірмесін, оқушы туралы мәлімет және мараппаттарын, сонымен қатар ата-анасының 20 сандық есепшотын тапсыру керектігі жөнінде айтып өтті.
Сөз кезегінде директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары С.Қалтаева, 2021-2022 оқу жылына құрылған мектептегі сыныптардың әлеуметтік төлқұжаттарын зерделей келе әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларынан шыққан балаларды сынып жетекшілердің отбасының әлеуметтік жағдайы туралы берген мәліметтеріне сүйене отырып және ұсынылған құжаттарды зерделей келе және қалалық білім басқармасынан берілген Президенттік жаңа жылдық шыршаға 4 «Б» сынып оқушысы Бахтиярова Жансая Абай кизи қатыса алатындығы жайлы ұсыныс айтты.
Бөкейханов атындағы №2 жалпы орта білім беретін мектеп 2021-2022 оқу
жылында Президенттік «Жаңа жылдық шыршаға» қатысатын оқушы туралы мәлімет:
Бахтиярова Жансая Абай кизи 2012 жылдың 30 қаңтарында дүниеге келген. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, әжесінің қамқорлығында. Анасы Нарымбетова Гулмира Рахимовна 2013 жылдың 10-қаңтарында қайтыс болған. Сабақ үлгерімі өте жақсы. Сынаптан сыныпқа мақтау қағазымен көшіріліп келеді.Түрлі олимпиадаларға қатысып, жүлделі орын алып жүр.
Қабылданған қаулы:
1. Қазақстан республикасының президенттік жаңа-жылдық шыршаға 4 «Б» сынып оқушысы Бахтиярова Жансая Абай кизи қатыстырылсын. .
2. Шымкент қаласының білім басқармасына оқушының дәлелді құжаттарын тапсыру әлеуметтік педагогқа Г.Н.Смадияроваға жүктелсін.
3. Президенттік жаңа-жылдық шыршаның сыйлығы мен қаржысы қамтамасыз етілсін.
Хатшысы Г.Н.Смадиярова