22
март
2022
Наурыз — шығыс елдерінің бүкілхалықтық мейрамы, Ұлыстың ұлы күні.
Наурыз — шығыс елдерінің бүкілхалықтық мейрамы, Ұлыстың ұлы күні. Наурыз шығыс халықтарында жыл басы мерекесі ретінде тойланып, ерекше күн ретінде аталып өтіледі. Қазақ халқы да Наурыз мерекесін айрықша бағалап, оны жыл сайын тойлап отыруды салт-дәстүрге айландырған.
Наурыз - бірліктің, татулықтың, еңбектің, ізгіліктің, бақыттың мерекесі ретінде тойланған. Сондықтан да болар, бұл күні шаттанбайтын, қуанбайтын, мейірленбейтін адам болмаған.
Осындай наурыз мерекесі А.Бөкейханов атындағы N2 жалпы орта білім беретін мектебінде тойланды. Мектептің ақсақал қариялары бата беріп,ұжымның атынан құран бағышталды.
Сонымен қатар, оқушылар әсем-әнге бөлеп, салт - дәстүрлер "Беташар", "Тұсаукесер", "Құрсақ шашу" сахналанды.
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!