Мейірім - жүректен » «№2 А.Бөкеиханов атындағы жалпы орта мектеп» КММ
Шымкент қаласының білім басқармасының
«Алихан Бөкейханов атындағы №2 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Приемная :
+7(727) 57-30-39
Учительская:
+7(727) 57-30-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
апрель
2023

Мейірім - жүректен

А.Бөкейханов атындағы N2 жалпы орта білім беретін мектеп кітапханасында «Мейірім  - жүректен» атты айлықтың , «Оқуға құштар мектеп» жобасының аясында, бастауыш сынып оқушыларымен, «Мейірімді әжемнің ертегісі» атты ертегіні дауыстап оқу іс-шарасы ұйымдастырылды.                                                                                                                                                                     Іс–шара барысында, балаларға халқымыздың асыл мұраларының бірі -ертегі жайлы кеңінен айтылып, мектебіміздің психологы  Утелова Н.    «Жолбарыс пен тышқанның достығы» атты ертегіні  балаларға   айтып  берді. Әженің  аузынан естіген ертегіні балалар үлкен қызығушылықпен тыңдады. Ертегі айтып болған соң, балалардан, бұл ертегіден  нені ұғынғандарын сұрап, олардың ойларын толықтырып, өзара талқылады.  Оқушылар  «Ит неліктен ырылдайды?» атты ертегіні мәнерлеп, кейіпкерлеріне дубляж жасап  оқыды. Ертегі кейіпкерлері бейнеленген суреттерден, ол қай ертегі екенін тауып, кейіпкерлерін атап, ертегі мазмұнын айтып өтті.  
   Бүлдіршіндеріміз халқымыздың асыл мұрасы - ауыз әдебиеті ертегілерін дауыстап оқу, оны тыңдау арқылы, ұшқыр ойын шыңдап, кітап оқуға деген қызығушылықтарын  арттырды.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив