04
апрель
2022
1-сыныпқа қабылдау жұмыстары басталды!!!
1-сыныпқа қабылдау жұмыстары басталды!!!
Құрметті ата-аналар!
Өздеріңіз білетіндей, 2020 жылы балаларды мектепке қабылдау ережелеріне Білім және ғылым министрлігі өзгерістер енгізді. Енді 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау жыл сайын 1 сәуір мен 1 тамыз аралығында өтеді.
Азаматтарға ыңғайлы болуы үшін қызмет толықтай автоматтандырылған және eGOV.kz порталы арқылы көрсетіледі.
• Ата-ананың өтініші (электронды түрде қалыптасады)
• Туу туралы куәлік (электронды түрде қалыптасады)
• Баланың денсаулық паспорты (026/у-3 нысаны)
• Егу паспорты (065/у нысаны)
• Баланың суреті (3*4 өлшемді)
Құрметпен, А.Бөкейханов атындағы №2 жалпы орта білім беретін мектеп әкімшілігі.